Техникалық стек ретінде Flutter фреймворгы таңдалды. Ол — Google-дің инновациялық кросс-платформалық әзірлеу технологиясы.
Home Credit Bank басқа өнімдерді әзірлегенде Flutter-ді пайдаланады. Сондықтан жаңа әдісті банк жүйелеріне біріктіру оңайырақ болар еді. Flutter iOS және Android-қа қолданбаны бірден әзірлеуге мүмкіндік береді. Соның арқасында жобаның барлық кезеңінде жұмысты айтарлықтай жылдамдатады.
Қиындыққа да тап болдық. Әлемде Flutter-ден жасалған банк қолданбалары аз, дегенмен бұл үрдіс өсуде. Онымен Alibaba, Ebay, Google Ads және басқалары жұмыс істейді. Платформа бойынша істейтін елімізде үздік мамандар қажет болды. Ондай кәсіпқойлар жоқтың қасы. Бірақ бізде бұл практика белсенді дамып келеді, сондықтан ең жақсы әзірлеушілерді тарта алдық.
Микросервис архитектурасы
Қолданбаның архитектурасын таңдаған кезде Home Credit Bank-ке Қазақстан кәсіпкерлеріне арналған үздік 3 банкінің қатарына кіруге көмектесуді мақсат еттік. Ол үшін банк ыңғайлы, 24/7 қолжетімді болуы және ең бастысы, сервистерде оңай масштабталуға тиіс болды.
Сондықтан микросервис архитектурасы таңдалды. Ол монолитке қарағанда икемді әрі жылдам. Соның арқасында тәуелсіз командалардың функционалдығы артып, time-to-market қысқарады. Микросервис архитектурасы бар қолданба да оңай масштабталады. Бұл оған пайдаланушылардың көбеюімен төзуге және жауап беру қабілетін жоғары деңгейде сақтауға көмектеседі. Банкінің осы бағытта ілгерілеп, озық практиканы енгізуге мүмкіндік беретін берік негіз құру маңызды болды.
Бастапқы кезден кезең-кезеңімен әзірлеп, екі апта сайын нақты нәтиже береміз деп шештік. Сондықтан бірден Scrum фреймворгын таңдадық.
Біз алдын ала келісілген нақты мақсаттармен спринт бойынша жұмыс істедік. Бұл нақты прогресті бақылауға көмектесті. Әр спринтте зерттеу жүргізіп, банк командасына демо көрсетіп, функционалдылықты тексердік.
Әзірлеген функционалдылыққа қарай командалар төрт стримге бөлді: core banking, төлемдер, СЭҚ, жеке сату кабинеті.
Бұл байланысты жеңілдетіп, тұрақты кездесулерді азайтты. Әр стримде нақты сценарийге жауап беретін жоба менеджері, дизайнер, әзірлеуші мен аналитик болды.
Home Credit Bank командасымен жауапкершілік аймақтары, жұмыс процестері, шешім қабылдау мен өсу нүктелері жайлы келісіп, әр стримде тиімді өндірістік циклдің негізгі ережелерін белгіледік.
Жоба барысында стримдердің жұмысы қандай кезеңде екенін айқын көру маңызды болды. Бұл қазіргі өзгерістерді жылдам да тиімді басқаруға мүмкіндік берді.