Блог | kz

Мобильді қолданбаны кезең-кезеңімен әзірлеу: біздің тәжірибеміз

Дизайн эксперименті, күрделі пайдаланушы сценарийлері, микросервис архитектурасы мен Flutter стегі — осының бәрін Home Credit Bank-ке арналған өнімде қолдандық.

Қолданбаның IT жобасын әзірлеу

Біз ТМД мен әлем нарығында ұсынылған сәтті мысалдарды қарастырып, нарық сценарийлерін зерттеп, сапалық және сандық талдауға қарай жасалған гипотезаларды тексердік. Ең жақсы шешімдерді Банкіге ұсындық.

Банк ішкі процестерді реттей алуы үшін біз тапсырыс берушімен бірге мақсатты сценарийлерді жобаладық.

Біз қолданыстағы функционалға сүйендік, бірақ жаңа қолданбаның аналогтары болмады. Біз тамаша пайдаланушы тәжірибесін құрып, оған барлық процесті реттедік.

Негізгі бет дашборд ретінде ойластырылған. Онда шоттар күйі, операциялар жағдайы мен аударымдар мен үзінді көшірмелер сияқты танымал операцияларға жылдам кіру мәліметтері бар карталар стегі орналастырылған. Қойындыларда тарифтер мен басқа да банк өнімдері, онлайн-бухгалтерия мен СЭҚ бар.

Қолданба кәсіпкерге ақша ағындарын оңай да жылдам басқаруға, өзекті ақпаратты көруге, азырақ басып операция жасауға көмектесуі керек. Жобалау кезеңіндегі қолданбаның бэклогы бір жыл бұрын жоспарланған болатын.
Бірінші шығарылымдағы қолданбаның функционалдығы кәсіпкердің негізгі күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек болды, сондықтан қызметтің үш негізгі функциясы бірден іске қосылды:

  1. Қаражатты еркін басқару — дейли банкинг, яғни шот ашу, төлем алу не жіберу, операциялар тарихы мен ағымдағы балансты көру. Кез келген банкінің негізгі функционалдығы ыңғайлы да жылдам, байланысуы оңай, транзакция жылдамдығы жоғары болуы керек. Бұл сервис пен банк жұмысын тездетеді.
  2. СЭҚ-ты оңай да тиімді басқаруға мүмкіндік беру — нарық тез өсті, сондықтан СЭҚ функционалдығы бірінші релизде жүзеге асырылды. ШОБ клиенттерінің көбіне бухгалтері жоқ екенін, мәселені ДК-дегі интернет-банк арқылы шешетінін ескердік. Біздің мақсатымыз — мобильді қолданбада СЭҚ толық функционалын ұсыну болды. Қарапайым, ыңғайлы әрі қолжетімді. Біз ірі және орта бизнес өкілдерінің, сондай-ақ микро және шағын бизнес кәсіпкерлерінің талаптарын ескердік.
  3. Мобильді қолданбадығы жеке сату кабинеті бизнес талдау мен бөліп төлеу арқылы айналымды арттыру құралы ретінде алғашқы релизге дайын болды. Бірінші нұсқада бір күндік сату деректері мен теңгерім көрсетілген. Болашақта бизнес туралы ақпарат, динамика, өсу мен құлдырау болжамдары, активтер портфелі жоспарланды. Бұл деректер кәсіпкерге күнде қажет.
2023 жылғы қаңтар-сәуірде ЕАЭО елдерімен жасалған тауар айналымы 2022 жылмен салыстырғанда 12% артып, 9,5 миллион долларды құрады. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастар белсенді дамып келеді. 2023 жылдың алғашқы 5 айындағы көлем 21,6%, яғни 10,7 миллиард долларға дейін өсті. 2022 жылы дәл осы кезеңдегі (қаңтар-мамыр аралығында) көрсеткіш 8,8 миллиард долларды құрады.

UX және банк қолданбасының дизайны

tekmates банкіге визуалды концепт, қолданба дизайны мен зерттеуге қарай шығарылған шешімдерді ұсынды. Негізгі басымдық кәсіпкерлердің мәселелерін алаңдатпай шешетін қарапайым да оңай басқару құру болды. Жаңа мобильді қолданба бейімделу уақытын қажет етпестен бизнес-клиенттердің күнделікті жұмысына жеңіл енуі керек еді.

Біз қара мен қызыл екпіндері бар минималистік дизайнды таңдадық. Танымал 3D иллюстрациялардың орнына 3D-ге ұқсас 2D иллюстрациялар, «дватон-изометрия» стилі қолданылды. Шешіміміз нарықта аналогы жоқ болды.

Пайдаланушының азырақ қателесуіне көмектесетін сүйкімді робот жасадық. Ол жағымсыз әсерлерді жұмсартып, күлкілі жағдайларға тап болады.

Қолданбаны әзірлеу: Flutter техникалық стегі

Flutter — Google ұсынған инновациялық кросс-платформалық әзірлеу технологиясы. Басқа Home Credit Bank өнімдері осы стекте жасалған. Сондықтан жаңа әзірлемелерді бар шешімдерге оңай біріктіру үшін таңдау соған түсті.

Әзірлеу банкінің IT инфрақұрылымын зерттеуден басталды. Біз жұмысты бастамас бұрын негізгі технологияларды, интеграция мен өзара әрекеттесу ережелерін талқыладық. Жаңа компоненттер мен кітапханаларды енгізу шарттары архитектура комитеті мен банкінің қауіпсіздік қызметімен келісілді.

Flutter-дің артықшылығы — қолданбаны iOs пен Android-қа қарай бірден жасауға мүмкіндік береді. Соның арқасында уақыт үнемдейсің. Алайда қиындықтар да болды. Flutter-де жасалған банк қолданбалары — бұл әлемдік тренд. Онымен Alibaba, Ebay, Google Ads сияқты компаниялар жұмыс істейді. Ол кезде Қазақстанда платформа мамандары жоқтың қасы. Белсенді дамып келе жатқан тәжірибенің арқасында tekmates үздік мамандарды тапты.

Қолданбаның микросервис архитектурасы

Микросервистер өнімді икемді етіп, масштабтауды оңайлатады. Банкінің Қазақстан ШОБ-ына арналған үздік 3 цифрлық банкіге кіру деген мақсаты цифрлық банкінің тәулік бойы ыңғайлы да қолжетімді болуы керек дегенді білдіреді.

Микросервис архитектурасындағы монолиттен түбегейлі айырмашылығы — тәуелсіз командалармен функционалдық дамытатын мүмкіндік және time-to-market қысқарту. Икемді масштабтау өсіп келе жатқан пайдаланушы ағындарын өңдеп, жылдам жауап беру.

tekmates командасы мен банкінің IT командасының синхронизациясы өнімді әзірлеп, үздік практиканы тарататын дұрыс негіз қалады. Тиімді де ашық байланыс бізге қысқа мерзімде орындауға көмектесті.

Жобаны басқару

Серіктестік, жобаны тиімді басқару мен tekmates-тің технологиялық сараптамасы небәрі алты айдың ішінде тапсырманы орындауға көмектесті.

Банк процестерін түсіну икемді жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Кейде Home Credit Bank командасы tekmates кеңсесінде жұмыс істеді. Кейде керісінше. Біз оны инсорсинг деп атадық. Бұл формат сыртқы нарық сараптамасы мен сыртқы мердігердің артықшылықтарын, сондай-ақ тапсырыс берушінің тапсырмаларын терең түсінуді біріктіреді. Бұл аутсорсингіге қарағанда тиімдірек.

Әзірлеме ашық мақсаттары бар екі апталық спринттер мен Scrum фреймворгын таңдай отырып, кезең-кезеңімен жоспарланған. Scrum процесті, нақты прогресті бақылап, зерттеулер жүргізіп, функционалдылықты тестілеп, банк командасына демо көрсетуге көмектеседі.
Командалар әзірлеген функционалдыққа қарай төрт ағынға бөлінді:
  • core banking
  • төлемдер
  • СЭҚ
  • жеке сату кабинеті
Стримдермен жұмыс істеу қарым-қатынасты жеңілдетіп, кездесулер санын азайтты. Әр стрим жеке сценарийге жауап беретін өз менеджері, дизайнері, әзірлеушісі мен аналитигі болды.

Home Credit Bank командасымен міндеттер, жұмыс процестері мен шешім қабылдау мәселелері келісілді. Өзгерістерді оңай басқару үшін әр стрим ашық процесті реттеді.

Команда tekmates әзірлеушілерін, дизайнерлерін, менеджерлері мен аналитиктерін қосқанда 10-нан 70-ке дейін өсті.

Жобаның қорытындысы мен нәтижесі

Жобалаудың басталуынан бастап сторларда шыққанға дейінгі алты ай — Қазақстан мен әлемнің цифрлық нарығы үшін рекорд.

Кәсіпкерлерге арналған цифрлық банк рекордтық қысқа мерзімде басынан бастап құрылды. Оған негізгі дэйли банкингі, СЭҚ-ты онлайн-басқару мен сатушыларға арналған жеке кабинет кіреді.

«Мұның бәрі цифрлық серіктестіктің, банкімен жақсы үйлескен командалық жұмыстың, бизнес сараптамасы мен команданың технологиялық құзыреттерінің арқасында жасалды. Home Credit Bank-пен істеген жұмыс red_mad_robot Central Asia-ның (tekmates) Қазақстан нарығындағы IT бойынша 1-ші компания болуға ұмтылғанының толық ақталғанын тағы да растайды. Біздің қысқа мерзімде Орталық Азия нарығында ауқымды цифрлық өнімдерді шығаратын, нақты нәтижелер көрсете отырып, осы нарықты өзгертетін барлық бірегей құзырет бар», — дейді CEO tekmates Агиис Конкабаева.

Орталық Азия нарығы өнімді жылдам жасап, нарыққа шығатын уақытты жеделдетуді талап етеді. Бәсекелестік өсіп жатыр, бос тауашалар аз, ал баяулап әрекет ету пайда әкелмейді. Күшті цифрлық серіктестердің тәжірибесіне сүйене отырып, нарық жағдайын жылдам бағалап, үздік шешімдерді әзірлеп, оны іске қосып, пайдаланушылардың өсіп келе жатқан сұраныстарына икемді жауап беру керек.