Блог | kz

Кейс: 6 айда жасалған бизнеске арналған банк қолданбасы

Банкіге арналған жаңа бизнес бағытын ашып, жарты жылдың ішінде ШОБ клиенттеріне арналған дайын көпфункционалды қолданба жасау — оңай дүние емес. 70-тен астам tekmates сарапшылар командасы (бұрынғы red_mad_robot Central Asia) Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің қажеттіліктерін қалай зерделеп, 2022 жылы Home Credit Bank-ке цифрлық банкіні қалай сәтті іске қосқанын айтып береміз.

Банк өнімін басынан бастап іске қосу мерзімі — кемінде 6 ай. Бірінші шығарылымда цифрлық банк толыққанды банк функционалдылығын, СЭҚ басқару мен сату кабинетін ұсына бастады.

Цифрлық банкіні әзірлеу: кімге

Тапсырыс беруші штаб-пәтері Прагада (Чехия) орналасқан әлемдегі ең ірі банкілердің бірі — Home Credit Bank болды. Серіктес базасының арқасында 2024 жылдың басында оның иелігінде мыналар бар:
  • дүние жүзінде 150 миллион клиент
  • активтер 803 миллиард теңгені құрады
  • меншікті капитал — 157 миллиард теңге.
Home Credit Bank меншікті капиталы бойынша Қазақстан Республикасындағы ірі банкілердің ондығына кіреді. 2022 жылы оның елдегі клиент базасына салымдары мен тұтынатын кредиті бар 119 миллионнан астам жеке тұлғалар кірді.

Банк өнімін әзірлеуге арналған нарық жағдайлары

2022 жылы қызметтер нарығындағы өзгерістер Home Credit Bank-ке шағын және орта бизнес өкілдеріне қызмет көрсететін диджитал бағытында тез орын алуға мүмкіндік берді. Ірі ойыншылар кетіп қалды. Сонымен бірге ШОБ клиенттеріне СЭҚ-пен, дейли-банкинг пен валюта операцияларымен істеуге арналған жұмыс істейтін әрі сенімді құралдар қажет болды.

Қазақстан нарығында 2 миллионға жуық кәсіпкер болды. Олардың басым бөлігін (1,6 миллион) шағын бизнес және 300 мыңнан астам сатушы, яғни интернет төлемдерімен белсенді жұмыс істейтін мерчанттар құрады. Банкілер кәсіпкерлердің қажеттіліктерін толық қанағаттандырмады, сондықтан дейли-банкингіге ыңғайлы қолданба құру ғана емес, Home Credit Bank клиенттерін түрлі тарифі бар банкілерге барудан құтқару да қажет болды.

Тұтынушы tekmates-ті тәжірибе мен тұтынушының процестеріне тез әрі тыңғылықты араласатынына, аналитика құратынына, тағайындалған тапсырмаларды икемді шешетініне қарап, таңдады.

Біз нарықта теңдесі жоқ жаңа өнімді сәтті енгізсек, Home Credit Bank-тің алдынан қандай мүмкіндік ашылатынын жақсы түсіндік. Бизнеспен тұрақты ынтымақтасу нәтижесінде жинақталған жеке сараптама, b2b сервистерін әзірлеудегі тәжірибе мен тамаша үйлескен жетекші сарапшылар командасы транзакцияларды, СЭҚ пен сатылымды бақылауға арналған ыңғайлы қолданбаның сәтті стратегиясын әзірлеп, іске асыруға көмектесті.

Кәсіпкерлерге арналған жаңа банк қолданбасының мақсаты мен міндеті

Әлемдік деңгейде бизнес өкілдерінің барлық банк мәселесін шешу деген міндет қойылды:

  1. 6 ай ішінде толыққанды банк өнімін іске қосу, дегенмен тәжірибе көрсеткендей, мұндай өнімдер орта есеппен 2,5 жыл әзірленіп, кезең-кезеңімен шығарылады.
  2. ең жақсы клиент тәжірибесін енгізу, яғни өнім ауысу процесі үздіксіз жүруі үшін ыңғайлы, түсінікті әрі тиімді болуы керек.
  3. банк және бизнес процестерін бір жүйеге біріктіре отырып, СЭҚ пен онлайн сату қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Бизнес өкілдері үшін көп тапсырма орындау кезінде негізгі қажеттіліктер:

  • күнделікті қаржы операцияларын оңтайландыру
  • қаржы емес сервистер мен бизнесті дамыту құралдарымен ыңғайлы жұмыс істеу
  • СЭҚ пен валюта келісімшарттарымен жұмыс істейтін ашық та сенімді схема
  • Күрделі баптауларды қажет етпейтін ыңғайлы сервис

Өнімді сәтті іске қосу банк клиенттері аудиториясының белсенді өсіп келе жатқан сегментін ашып, басқа бизнес бағыттары бойынша өзара әрекеттесетін клиенттердің адалдығын арттыруға ықпал етті.

Қазақстанда жыл сайын 400 мың шағын компания ашылады. Электронды коммерция жыл сайын 80% өсіп келеді. Экономиканың осы секторына 4 миллионнан астам Қазақстан азаматы тартылған. Тауар айналымының 85% қолма-қол ақшасыз жүреді.
Жобаның жол картасы 3 кезеңнен тұрды:

  1. Нарықты зерттеу, өнімді талдау, БСҰ әзірлеу
  2. Бір мезгілде үш бағытта функционалды жобалау
  3. Өнімді әзірлеу

СЕО Агиис Конкабаеваның цифрлық банкингідегі жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі мен сараптамасы әр кезеңде процесті дұрыс құруға көмектесті. Барлық басқару құрамы бизнес талдауға, CJM жобалап, оны құруға тартылып, банкімен бірлесіп жұмыс істеді.

Бірінші кезең: динамикалық нарық және өнімге қойылатын жоғары талаптар

Нарықтағы ахуалды талдау Қазақстандағы ШОБ сегменті барынша серпінді өсіп келе жатқанын көрсетті. 2022 жылға ЖІӨ-нің 36% оның үлесіне тиді. Электрондық коммерция да барлық бағыт бойынша қарқынды дамып келеді, ал бөлшек саудада цифрлық банкингіге деген сұраныстан басқа, қаржылық емес сервистермен өзара әрекеттесу белсенді түрде кеңеюде.

Өнімнің гипотезасы Қазақстанның барлық ірі қаласында сауда және қызмет көрсетумен айналысатын B2C және B2B кәсіпкерлерімен терең сұхбат нәтижелеріне қарай құрастырылды. Клиент портреті мына инсайттарды анықтауға көмектесті:
  1. Пайдаланушыларға бөліп төлеу мүмкіндігі маңызды. Сатушыға тиімді емес комиссияның орнына жазылым жақсы.
  2. СЭҚ пен трансшекаралық аударымдар қажет, бірақ олар ұзақ әрі қымбат. Сыртқы сауда жылдам әрі ыңғайлы жүруі керек.
  3. Заңды тұлғалар арасындағы аударымдар ДК-ге қосылған ЭЦҚ кілті арқылы жүзеге асырылады. Тиімді процесс жеке адамдар арасындағы сияқты қарапайым болуы керек, сонымен қатар бірден жіберіліп, жазылуы керек.
  4. Банк бөлімшелері жұмыс күндері ғана жұмыс істейді, бұл кәсіпкерлерге ыңғайсыз. Бизнеске арналған операциялар күндіз де, түнде де демалыс күндерінсіз жүргізілуі керек.
  5. Банкаралық комиссия, қабылдау жылдамдығы мен әртүрлі QR коды банкілер арасындағы ыңғайлы есеп айырысуларға кедергі келтіреді. Кәсіпкерлер жеке тұлғалардан төлемді QR арқылы кез келген банкінің шотынан бір ғана төмен комиссия бойынша әрі шотқа лезде аударып қабылдауы қажет.
  6. Кәсіпкерлерге құқық қолдауы мен заңды тұлғалармен өзара әрекеттесу кезінде тәуекел бөлісу қажет. Банк өз платформасында контрагенттермен келісімшарт жасауға мүмкіндік беретін, келісімшарттың орындалу барысын хабардар ететін және міндеттемелердің орындалуын бақылайтын, бизнеспен бірге жауапкершілік бөлісетін серіктес ретінде әрекет етуі керек.
Кәсіпкерлер үшін жаңа цифрлық өнімнің құндылығы осылайша үш негізгі қажеттіліктің жабылуына қарай құрылған:

  1. Заңды тұлғалар арасындағы ыңғайлы жедел аударымдар.
  2. Тиімді трансшекаралық аударымдар мен СЭҚ-қа арналған үздік халықаралық банк.
  3. Айналымды көрсететін әрі бөліп төлеу бағдарламалары арқылы оны арттыруға мүмкіндік беретін жеке кабинетіңіздегі сату статистикасы.
«Home Credit Bank пен tekmates жұмысының нәтижелері нарықты жылдам қайта құрылымдау жағдайында үздік сарапшылармен бірлесіп тиімді шешімдер қабылдай отырып, аз уақыттың өзінде серпінді өнімдерді шығаруға болатынын көрсетеді. Бұл Қазақстан нарығын әлемдік деңгейге тез жетуге көмектеседі», — деп атап өтті Агиис Конкабаева.